«АЭС-тұрақты әрі үздіксіз энергия көзі»

Атом электр стансасын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Қазір де АЭС салу мәселесі халықты алаңдататын жәйіттің бірі болып отыр. Энергия көзінің тапшылығы елімізді алаңдатады сол себепті атом электр стансасының оң шешімін табады деген үмітпен қараймын. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан елімізде атом энергетикасын салуға баса мән беру керек деп ойлаймын. Себебі, экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажет деп ойлаймын.

 Бексұлтан Мағрұпжан, белсенді жас

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *