Жолдау — елдің өркендеуінің басты құжаты. Жолдау-дамудың жаңаша жолы

Елбасы Тоқаев Қасым Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына 2 қыркүйек күнгі Жолдауындағы маңызды мәселелердің бірі білім беру жүйесі туралы болды. Білім саласына басты назар аудару өте орынды айтылған. Еліміздің жан жақты дамуы — білімді ұрпақтың қолында. Білімнің дамуы еліміз үшін маңызды. Жолдауда айтылған балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесі ауылдық жерлерде де толықтай қолға алынғаны жөн. Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуі туралы да айтылған, «Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажет. Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлген абзал. Баланы мектепке дайындау мәселесіне айрықша назар аударған жөн. Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ісіне мемлекетпен қатар ата-аналар да жауапты. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру саласында әр балаға бөлінетін қаражат отбасының нақты табысына байланысты болуы керек. Осылайша, біз білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру арқылы шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көмек көрсетеміз және мемлекеттік қолдаудың ашық болуын қамтамасыз етеміз. Түптеп келгенде, азаматтарымыздың әлеуетін арттырамыз. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады»- деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы.

Сембай УТЕБАЕВ,
Түгіскен ауылдық округі ақсақалдар алқасының мүшесі, қоғам белсендісі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *