Кездесу өтті

Қазақстан полициясы күніне орай Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Б.А.Рыспеков пен орынбасары, полиция подполковинигі
А.Б.Тілеуғабылов осы салада қажырлы еңбек еткен ардагерлері Б.А.Әбеуов, Қ.А.Әубәкіров, Т.Т.Жакупов, Қ.М.Тайшыбеков, Қ.Т.Омаров, А.Б.Нығмановпен кездесу өткізді.
Полиция бастығы Б.А.Рыспеков кәсіби мерекемен құттықтап, халық қауіпсіздігін сақтау мақсатында еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларының үлкен еңбегін атап өтті. Кездесу кешінде полиция ардагерлері еңбек еткен жылдарын еске алып, қиын да, қызықты кезеңдеріне шолу жасады. Бүгінгі күні өмірде жоқ полиция қызметкерлерін құрметпен еске алды. Кәсіби төл мереке қарсаңында ұйымдастырылған келелі кездесу өткенді еске алып мен бүгінгіге бағдар жасауға мүмкіндік беріп, ардагерлер қауымы бір жасап қалды. Айтылған естеліктерден бүгінгі қызметкерлер пайдалы құнды мәліметтер алды.

Т.У.ҮКЕНОВ,
полиция ардагері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *