Адам. Қоғам. Заң. Сізді «Қорғау нұсқамасы» қорғайды

 

Отбасылық-тұрмыстық қатынаста жасалатын құқық бұзушылық пен қылмыстар қорқыту немесе тіл тигізуден басталып, денсаулыққа айтарлықтай зиян келтірумен немесе кісі өлімімен аяқталады.
Осындай әрекеттердің алдын алу мақсатында Жанаарқа ауданының ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен 5 айында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 73-1, 73-2 баптары бойынша 31 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2009 жылы «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енген болатын. Бұл заңның «Қорғау нұсқамасы» деп аталатын 20-бабы жәбірленушінің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған бап. Бұл бап бойынша жәбірленушіні іздестіру, қудалау, бару, ауызша немесе телефон арқылы сөйлесу және онымен өзге де тәсілдермен байланысу, сондай-ақ, қасақана құқыққа қарсы (әрекет немесе әрекетсіздік), денсаулыққа зиян келтіретін немесе дене күшін және психикалық залал келтіретін әрекеттер жасауға тиым салынады. «Қорғау нұсқамасының» қорғау мерзімі 30 тәулік бойы күшінде болады. Мәселен, отбасы-тұрмыстық қатынаста құқықбұзушылық жасаған адамдар, егер олар тараптардың татуласуы негізінде жазалаудан босатылса да, алдын алу есебіне алынады. Мысалы, ауданымызда биыл жыл басынан 31 тұлға қорғау нұсқамасы бойынша алдын алу есебіне қойылды.
Осы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған 4 адам Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы   кодексінің 461-бабында көзделген жауапкершілікке тартылды.

А.А.ІРГЕБАЕВА,
Жаңаарқа ауданының ПБ ЖПҚБ
ӘЗЗҚЖ-гі инспекторы полиция капитаны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *