Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын тежейді. Қоғамда сыбайлас жемқорлық көп таралғанын байқауға болады. Пара алу, пара беру, сыбайлас жемқорлықтың салдары: мемлекетке, саяси өмірге, адамға да зиянын тигізіп жатады. Болашақ өскен ұрпаққа сыбайлас жемқорлық зиян тигізбесе пайда алып келмейді.
Сыбайлас жемқорлық әлемнің кез-келген жерінде кездеседі және біздің қазақ елінде жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналғаны шындық.
Жемқорлық адамзат баласына жат қылық. Жалпы жемқорлық дегеніміз не екенін түсіндіре кетсе, ол өз ісіне адал болмауы, оңай ақшаға құмар болуы, жалпылама айтқанда бойында адамгершілік қасиеті болмауы. Ал ол жемқорлықтан құтылу үшін бала кезінен тәрбие беру, өмірлік мақсаты дұрыс қоя білу адамгершілік қасиет бойына сіңіре білу керек. Бұл мәселеге тереңінен үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, үлкен зиян тигізеді.

Ғ.Омаров,
бөлім басшысы аға сот орындаушы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *