Адал азамат — адал еңбек Ұстаздық жолы – жауапкершілігі мол

Машура Нұрланқызы Нұрланова 1949 жылы 16 мамырда бұрынғы Ленин бөлімшесінде дүниеге келген. Жеті жыл ауыл мектебінен, кейін аудан орталығында Ленин атындағы орта  мектепті 1966 жылы аяқтап, Қарағанды мемлекеттік университетінің биология факультетіне түсіп, 1973 жылы аяқтаған. Машура апай 1968-2013 жылдар аралығында Талдыбұлақ орта мектебінде ұстаздық еткен. Осы жылдар ішінде жоғары білікті маман, өз ісінің білгір шебері Машура апайдың алдынан жүздеген шәкірттер білім, тәрбие алып шыққан. Қазіргі таңда Машура апайымыз еңбек демалысында.Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі. Мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. 
Шынында да мұғалім болу қиын ба? Ұстаздық жолы – жауапкершілігі мол, қызметі күрделі даңғайыр даңғыл ғой. Ұстаз болу – көпшіліктің ықыласына бөлену, ұстаз болу – талайдың сауабын алу, ұстаз болу – мейіріміңді өзгеге төгу. Нағыз ұстаз – болашақтың адамын қалыптайды. Нағыз ұстаз – ертеңгінің арманына қанат байлап береді. Нағыз ұстаз – ел мен жердің тұтастығын сақтайтын ұрпақтың ұстанымын қалыптастырады. Ұстаздық міндетке барынша адалдық танытып, саналы ғұмырын бала оқытуға арнаған Машура ұстазға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артық етпейді. Бар жақсыны шәкірттеріңізге бере білгеніңіз үшін мың алғыс, ұстазым!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *