Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Бүлінген тағдырлар, тепкінің құрбаны болғандар, шарасыздан бұғып, бара жері басар тауы болмағандар, сеңделгендер, әлімжеттік жасап әйелінің арын, намысын, құқығын аяққа таптағандар, бассыздыққа салынып ұл қызына қол көтергендер. Осылайша қаншама әйел, ұл-қызымыз үреймен қорқыныштың жетегінде өмір сүріп енді бірі құрбаны болып жатыр.
Отбасылық жағдайдағы зорлық-зомбылық туралы сіз білесіз бе? Ол отбасындағы орын алып жатқан зорлық-зомбылықтың кез-келген түрі: отбасыңыздағы ер адамның әйеліне, қызына, қарындасына, анасына, әпкесіне, балалардың анасына деген зорлық-зомбылығы. Агрессия, ұрып-соғу, қорлау, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу, қорқыту, бопсалау осының барлығы шыдауға болмайтын зорлық-зомбылық! Ең бастысы зорлықзомбылық өмір үшін және денсаулық үшін өте қауіпті.
Жоғарыда айтылған жайттар өміріңізде, отбсыңызда немесе туысқандарыңызда орын алып жатса не істеу керек? Ұрып соғуды, қорқытуды камераға түсіріңіз. Қорғануға осы жазылымдар көмектеседі. Әрбір жағдайда полицияға хабарласыңыз. Балалармен бара алатын қауіпсіз орын іздеңіз. Туысқандарыңыздан, сенімді адамыңыздан көмек сұраңыз. Көршілерге үйде айқай-шу естілген жағдайда полиция шақырту керектігін ескертіп қойыңыз.
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, полицияның кезекші бөліміне, 102-ге қоңырау шалыңыз. Жарақатыңыз болса бірден жедел жәрдем шақырып немесе ауруханаға барып, алған жарақаттарыңызды тіркетіп, полицияға жүгініңіз.Құқықбұзушы жауапкершіліксіз қалмасын!

Өз тілшімізден

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *