Сыбайлас жемқорлықпен күрес — азаматтық борыш

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерініңбірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси дамуға да кері әсер етері анық.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы халықтың заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деген бар. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Әр адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның әр адамға сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. 
Біздің Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасындада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін әрқашанда оқушылармен іс-шаралар өткізіліп тұрады. Бұл өткізілген іс-шаралардың басты мақсаты: жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, белсенді азаматтық ұстанымды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа оқырмандарды тарту арқылы кітапханалық қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністерін «мүлдем төзбеушілікіті» қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе еліміздің дамуы бұданда биік дәрежеге көтерілетіні хақ. Жалпы, кез-келген қызметкер өз отбасында, әріптестерінің арасында осы бір қағидаларды ұран қыла білсе, бұл індеттің түбімен жойылатыны анық. Халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.

Сағат КЕНШІМОВА,
Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасының кітапханашысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *