Сыбайлас жемқорлықпен күрес – барлық Қазақстан азаматтарының міндеті

Бүгінде сыбайлас жемқорлық мәселесі бүкіл әлемнің басты проблемаларының бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық – бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жыл сайын Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жарияланады. 2023 жылғы 1 қыркүйекте Президент өзінің Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға барлық бағыттар бойынша жаңа серпін беру қажеттілігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, барлық Қазақстан азаматтарының міндеті болуы керек.
Біздің мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды әдістерінің бірі – заңды орындау. Егер сіз әлемге өзгеріс кіргізгіңіз келсе, өзіңізден бастаңыз. Бұдан шығатын қорытынды, егер сіз өз міндеттеріңізді адал және әділ орындасаңыз, онда сыбайлас жемқорлық азаяды. Сыбайлас жемқорлықты жою — әрбір Қазақстан азаматының міндеті деп ойлаймын.

Шәлен ШУДАНБЕКОВ,
Орынбай ауылы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *