Адал азамат — адал еңбек. Еңбегі үлгі болған азаматша

Болмысының нәзік екеніне қарамастан, қыз-келіншектеріміз еліміздің өркендеуіне үлес қосып келеді. Түрлі салада бой көрсетіп жүрген әйел азаматтар кәсіпкерлікті ұршықтай иіріп, тыңғылықты еңбек етуде. Осы орайда, ауданымызда осы саланы дамытуға өзіндік үлес қосып жүрген, бүгінде төккен тері мен бел жазбай еткен еңбегінің жемісін көріп отырған кентіміздің тұрғыны, көпке үлгі бола білген азаматшамыз —Жанна Қандылдақызы Оспанова. Жанна Қандылдақызы 1964 жылы сәуір айының 20 жұлдызында дүниеге келген. 1881 жылы қазіргі Ұлытау обылысы, Жезқазған қаласының №7 мектебінің қабырғасын аяқтап, ЦСИ институтына түсіп, 1986 жылы тіс дәрігері мамандығы бойынша ойдағыдай аяқтады. 1996 жылға дейін Қызылжар кентінде тіс дәрігері болып еңбек етті. 1999 жылы “Әсел” дүкенін ашып, кәсіпкерлікке бет бұрды. Қазіргі таңда “Әсел” супермаркеті кентіміздің ең ауқымды супермаркеттерінің бірі. Еңбек өтілі 35 жыл. 1987 жылы Шалабаев Риззадинмен бас қосып, бір қыз тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *