Адал азамат — адал еңбек Өз мамандығының майталманы.

Адам баласы еңбек ету арқылы қоғамға пайда келтіріп қана қоймай, өзінің жарқын болашағына жол ашатыны белгілі. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Қызылжар кенті дәл бүгінгі күні Қазақстанның түкпір-түкіріне теміржол бағыты арқылы қызмет атқаруда. Алайда осы теміржол бағытында қызмет жасайтын түрлі сала азаматтарының ерен еңбегін бірі білсе, бірі білмей жататыны анық. Қақаған қыстың қытымыр аязы мен жаздың аптап ыстығында қызу еңбекті қайната білген майталман мамандарының еңбегі ерекше.
Осындай азаматтардың бірі — Аманғали Ахметжанұлы Жақыпбеков жайлы айтқымыз келеді. Аманғали Ахметжанұлы 1972 жылы Қызылжар кентінде дүниеге келіп, осы Қызылжар кентінің орта мектебін тамамдаған.Аманғали ағамыз Отан алдындағы борышын атқарып келіп, Қызылжар кентінің теміржол саласына жол жөндеуші болып жұмысқа орналасқан. Дәл бүгінгі күні осы саланың дамуына аянбай етіп келеді. Көп жылғы еңбегінің арқасында осы саланың майталман маманы атанып, жұмыс барысында бірнеше рет Құрмет громоталарымен марапатталған. Сонау 20 жасынан бері қазіргі күнге дейін осы саланың дамуына өз үлесін қосып келеді. 1994 жылы жары Алмагүл Бақтыгелдиновамен отбасын құрып, бүгінгі күні 1ұл тәрбиелеуде. Жары — Алмагүл де осы теміржол спласында қызмет етеді. Осы орайда кентіміздің еңбегімен еленіп жүрген теміржолшылар отбасын алда келе жатқан «Теміржолшылар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, адал кәсіптеріне мол ризық тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *