Адал азамат — адал еңбек . Жаңалықтар жаршысы

Салтанат Аманқызы Ералина — 1972 жылы Ақтау ауылында өмірге келген. Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің түлегі. Қаражал қалалық мәдениет үйінде ұйымдастырушы, Қаражал қалалық «Қазыналы өңір» газетінде тілші, N6 мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен ұстаз, 2007 жылдан аудандық «Жаңаарка» газетінде тілші, жауапты хатшы, редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.
2017 жылдан аудандық “Жаңаарқа” газетінің редакторы. Өлеңдері, мақалалары облыстық, республикалық баспасөз беттерінде жарияланған. Бір топ өлеңдері «Жыр арқауы —Жаңаарқа» жинағына енген. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Бүгінде жеткен жетістіктері орасан зор. Облыс әкімінің және аудан әкімінің «Құрмет» грамотасының иегері, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері. Жаңаарқа халқына жаңалықтар жаршысы болып, адал еңбек етуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *