Құрметті аудан тұрғындары! алаяқтардан абай болыңыз!

Ұлытау облысы ПД Жаңаарқа ауданы ПБ ескертеді. Киберқылмысқа, оның ішінде телефон алаяқтығы және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында аудан аумағында қазіргі
таңда басты мәселелердің бірі —алаяқтық қылмыстарын алдын алу және болдырмау болып отыр.
Әлеуметтік желінің кең тарауымен алаяқтықтың форматы өзгеріп, ауқымы кеңейіп келеді. Қарапайым адамды бірнеше секундтық экшн жарнамамен санасын баурап, оңай олжасына айналдырған алаяқтар азаймай тұр.
Соның салдарынан қиындыққа тірелген адамдардың қатары артып келеді. Алданып жатқан адамдардың оқиғаларын естісең, сеніп қалатындай дүние емес тәрізді көрінеді. Алайда, алаяқтардың схемасын түсіну де оңай емес. Интернет-алаяқтықтың бірнеше түрге бөліп жіктеуге болады. Солардың ішінде кең қолдатынатынын алатын болсақ, купондық, фишингтік электрондық пошта, лотереялық, жарнамалық, романтикалық және т.б. атау,а болады. Бұл амалдар арқылы алаяқ аңқау адамдарды құрығына түсіріп, атынан кредит рәсімдеп немесе банктік картасындағы қаржыны алу фактілері жиі тіркелуде.
Алаяқтардан абай болыңыз! Ешбір жағдайда ешкімге өзіңіздің дербес деректеріңізді, пластикалық картадан, чектерден аударым туралы және одан да көп ақпаратты, кодтар мен код сөздерін хабарламаңыз.
Осылайша, алаяқ шотты басқаруға толық қол жеткізе алады. Күмәнді мәмілелер бойынша аударымдар жасамаңыз, бейтаныс адамдар ұсынатын күмәнді, бірақ пайдалы бизнеске қаражат салмаңыз.
Сіздің банктік және карточкалық шоттарыңыздың қорғалуын қамтамасыз ету үшін қарапайым шектеулерді сақтау қажет. Егер сіз сақтық шараларын сақтамасаңыз, кез келген банктің клиенті алаяқтың құрбаны бола алады. Есіңізде болсын, банктер мен төлем жүйелері ешқашан хаттарды жібермейді немесе клиенттердің телефондарына шот деректерін беруді сұрамайды.

Д.Е.РЫМБЕКОВ,
Жаңаарқа ауданы ЖПҚБ УПИТ УПИ полиция капитаны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *