Жолдауға — қолдау. Бағдарламалық құжат экономикалық өсімге бағытталды

2023 жылдың қыркүйек айында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты халыққа кезекті Жолдауын жасады. Жолдаудың басым бағыты экономикаға бағытталғанымен, барлық экономикалық іс-шаралардың нәтижесі халықтың жағдайына тікелей әсер етуі тиіс. Жолдауда айтылған халықтың әлеуметтік тұрмысы, соның ішінде жұмыссыздық мәселесі көбірек шешім тапса дейміз.
Әсіресе бұл аймақтар үшін маңызды. Ел әлеуеті айқын көрінетін әлеуметтік салаға келгенде, Мемлекет басшысы балалар мен жастарға айрықша тоқталды. Бастапқы білім беру капиталы мен жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыстың түбегейлі қаралуын міндеттеді.
– Еліміздегі демографиялық өсім білімге деген сұранысты арттырады. Мемлекеттің білім саласына қатысты жұмысында тұтастық, яғни жүйе жоқ, өзара байланыс жоқ деуге болады.
Сондықтан бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.Жолдауда айтылған көп міндеттің ішінде «Отбасы банк» қызметін қайта қарау, басты назарды аудандар мен моно-қалаларға, ауылдарға аудару бар. Сондай-ақ ел ішіндегі 21 банктің қатарына бәсекені арттыру үшін сенімді деген үш шетелдік қаржы ұйымын тарту ұсынылды. Президент «аталған міндеттің бәрі үш жыл ішінде жүзеге ассын» деді.Жолдауда белгіленген жаңа мақсаттар азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселелерін шешуге бағытталғаны қуантады. Жаңа бағдарламалық құжаттың осылай аталуы кездейсоқ емес, басты назар елдегі тұрақты экономикалық өсімге бағытталған. Осы мақсатта орта бизнесті дамыту, берік индустриялық негіз құру, экспортты ынталандыру, макроэкономикалық саясатты қайта жүктеу және т.б. міндеттер дәйекті түрде шешілетін болады. Ерекше өскелең ұрпақ пен еңбек адамға назар аударылды. Қазақстандық балалар үшін бірнеше бағыттар әзірленетін болады — бұл білім сапасын арттыру, «Келешек» Бірыңғай ерікті қаржыландырылатын жүйесін енгізу және т.б. Ал 2023 жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы аясындағы жұмыс ауыр өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін азаматтардың еңбек құқықтарын жақсырақ сақтауға мүмкіндік береді. Бұл әрқайсымыз үшін маңызды.

Шәлен ШУДАНБЕКОВ,
Орынбай ауылы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *