Жолдауға — қолдау. Әрбір Жолдау – тарихи құжат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Әрбір Жолдау – тарихи құжат. Ертеңгі бағытын, жүретін жолын, өсу жолындағы мұратын анық білген елдердің қандай жеңістерге жеткенін тарих арқылы білеміз. Қайсысын алып қарасаңыз да стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер және көптеген мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз.
Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әл-ауқатының маңызды негізі ретінде әлеуметтік салаға, зейнетақымен қамсыздандыруға және адами капиталды дамытуға ерекше назар аударды.
Сондай-ақ негізгі міндет аясында өндіріс үдерістерін сандық негізге көшіру арқылы индустрияландыруды өрістету, білім беруді жаңа сипатта дамыту, қаржы секторын қайта қалыптастыру, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес және тиімді мемлекеттік басқару жүзеге асатынына сенім білдірді.
Сондай-ақ Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға да ерекше мән берілген. Мемлекеттік бағдарламалардың да басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға әкеліп отыр.
«Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды», -деген Президентіміз, қазақстандықтардың рухын жігерлендіріп, бірлік пен татулыққа шақырады. Біз Жолдауды қолдаймыз!
Президент Жолдауда әлеуметтікэкономикалық мәселелерді шешуге мән бере отырып, дағдарысқа қарсы жедел жүзеге асырылатын шараларға арнайы тоқталды. 
Соның ішінде ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге, мемлекеттің үлесі бар компаниялардың валюталық табысының экспорттық сатылымын ұлғайтуға, мемлекеттік аппараттың қызметіндегі бюрократияны жоюға да баса мән берілді. Президент осы жолғы Жолдауында бұрыннан халықтың көкейінде жүрген көптеген мәселелерге назар аударды. Басты мақсат – халықтың әл-ауқатын жақсарту Мемлекет басшысы халықты жауапкершілікке шақырғаны, жаңа бастамамен қуаттандырғаны мемлекетімізді баянды белестерге бастайды деп сенемін.

Рысты Мұздыбаева,
Б.Амалбеков атындағы ТМ ұстазы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *