Адал азамат — адал еңбек. Еңбегі елге сіңген азамат.

Гүлжайнат Жұмажанқызы Аманжолова 1975 жылы 14 сәуірде Жаңаарқа ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. Ұстаздық жолын Қаражал қаласының №1 мектебінде бастап, Жаңаарқа ауданының Жаңаталап негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Жаңаарқа аудандық білім бөлімінде бастауыш сынып әдіскері, Бидайық ЖББМ-де бастауыш сынып мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жемісті еңбек етті.
Гүлжайнат Жұмажанқызы ұстаздық жолында әрдайым ізденімпаз, жауапкершілігі мол қырымен таныла білді. Нәтижесінде, 2008 жылы Бидайық ауылдық округі, №69 разъезде жаңадан ашылған бастауыш мектебінің меңгерушісі болып бекітілді. Ұжым меңгерушісі, басшы ретінде ұжымды әр іске жұмылдыра отырып, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға үлкен үлесін тигізіп келеді.
Өзі жетекшілік ететін ұстаздар ұжымы аудандық спорттық, қоғамдық шаралардан қалмай, түрлі байқауларға қатысып, өз шеберліктері мен тәжірибелерін жетілдіріп, жетістіктерге жетіп келеді. Өмір бойы оқып, үйренуді өзінің басты ұстанымы еткен Гүлжайнат Жұмажанқызы мектеп мұғалімдерінің де ұдайы біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз етуде.
Мектеп оқушылары да түрлі байқауларға қатысып, іс шараларда белсенділік танытады. Осындай, ұдайы ұйымдастырылған тиімді жұмыстар нәтижесінде №69 разъед мектебі аудандық рейтінгі бойынша бастауыш сыныптар арасында тұрақты түрде 1 орынды иеленіп келеді.
Гүлжайнат Жұмажанқызы 2014 жылы Алматы қаласында «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында «Бастауыш сыныптарда инклюзивті окыту ерекшеліктері», 2015 жылы Қарағанды каласында «Жас басшылар» мектебі және «Интерактивті оқыту кезінде оқушылардың кабілетін және оқуга позитивтік көзқарасын дамыту» секілді әр түрлі тақырыптар бойынша ұйымдастырылған оқуларға қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *