Жемқорлық — жегі құрт

Қазіргі таңда жемқорлықсыз қоғам құру көптеген мемлекеттердің мақсаттарының бірі. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту бағытындағы жұмыскер үздіксіз жүргізілуде. Біздің елімізде де сыбайлас жеморлықпен күрес жұмыстары әрдайым жетілдіру үстінде. Әрине әлем бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей тәсілі жоқ.
Біздің еліміз де жыл сайын сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтіп, мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында да жемқорлықпен күрестің тоқталмайтыны атап өтіледі.
Жемқорлықпен күрес барысында елімізде экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік түрлендіру жағдайында мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталаған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігі сезілді. Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Респбуликасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді. Стратегияның негізгі мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез келген жемқорлықтын туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды жемқорлықпен күреске жұмылдыру, сондай-ақ Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Қазіргі танда осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жалпы елімізде тәуелсіздік алған жылдардан бастап жемқорлыққа қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты деуге болады. Еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладығы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттық Ұйымынын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конверцияларын және басқа да жалпы жұрт таныған халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтын тең мүшесіне айналды. Бүгінгі мемлекеттін ұстанымына сай азаматтық көзқарасынды жеткізуге болатын аландар көп және кез келген мемлекеттік органға ашық түрде жемқорлыққа наразылық танытып жүгінуге болады. Сайттарға кіріп өтініш қалдыруға немесе call орталыққа хабарласуға болады. Барлығы азаматтарға жемқорлықпен күресуге көмектесуге дайын.
Жалпы алғанда кез келген мемлекетте сыбайлас жемқорлықпен күрес – жалпыхалықтық іс болған кезде ғана қоғам дертінен құтылары сөзсіз.

М.Қ.ӨМІРЖАН,
Жаңаарқа аудандық сот приставы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *