Адал азамат — адал еңбек. Еңбекпен есейген жан.
Еңбекті жанына жақын тұтып, еңбекпен есейген жандардың бірі — Досбол Елдосұлы Алшынбаев.
Досбол 1978 жылдың тамыз айының 27 ші жұлдызында Ленин бөлімшесі, қазіргі Талдыбұлақ ауылдық округінде дүниеге келген. 1985 жылдары Талдыбұлақ орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, аталмыш мектептің 9 жылдығын аяқтап, СПТУ училищесіне “Тракторист-машинист” мамандығына оқуға түседі. Жоғарыда атап өткен оқу орынын аяқтап ауылға шаруашылыққа оралады. Жастайынан егін егіп, шөп шапқан Досбол қазіргі таңда«Рысмұхаммед» шаруа қожалығының тізгінін ұстап келеді.
2004 жылы сүйікті жары Аянмен некелесіп, қазіргі таңда 3 ұл, 1 қыздың ата-анасы. Балаларының алды үлкен оқу орындарының студенттері. Ауылдың еңбек жолында жүрген ағалардың қатарындағы Досбол өте байсалды, қолынан өнер тамған, темірден түйін түйетін білікті механизатор.
Бүгінгі таңда бауырлары Ербол, Ержан, Нұржан, Армандардың басын қосып қыстық мал азығын дайындау, жаздық жайлауда төрт түлік малын бағу, сәйгүлік аттарды баптап, түрлі облыстық додаларда бақ сынау, барлық саланың басы-қасында шаруасын дөңгелетіп жүрген жан.