Адал азамат — адал еңбек Ауылының дамуына үлес қосқан еңбеккерлер.

Марат Аханұлы Досаев
Марат Аханұлы 1947 жылы Жаңаарқа ауданы Бидайық-4 бөлімшесінде дүниеге келген. 1954 жылдан бастап Н.Крупская атындағы мектебінде оқыған. 1964 жылы Бидайық кеншарында, 1965 жылы жаңадан ашылған Целинный кеңшарында шофер болып қызмет атқарған.
1966-1968 жылдары әскери борышын Қырғызстан Республикасында өтеген. 1968 жылы әскерден келген соң Целинный кеңшарына шофер болып орналасқан.
1979 жылы газ тасымалдаушы болып ауысады.
1992 жылы кеңшар директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары болды. 1995 жылы «Бақдаулет» шаруа қожалығын ашып, осы күнге дейін шаруа қожалығын жалғастырып келеді.
2013 жылы зейнеткерлікке шықты. Жанұялы, 5 баланың сүйікті әкесі, немерелерінің қамқор атасы. Бейнетінің зейнетін көріп отырған Орынбай ауылының қадірлі ақсақалы. Ауылдың дамуына үлес қосқан абзал жандардың бірі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *