Адал азамат — адал еңбек. Ауылының дамуына үлес қосқан еңбеккерлер.

Рамиля Фанисқызы Бадыкова 16 маусым 1962 жылы Ресейдің Қорған облысында дүниеге келген.
Кейін отбасы Қазақстанға қоныс аударған. Мектепті бітіргеннен соң Рамиля Фанисқызы Қарағанды облысындағы Мичурин совхоз- техникумына оқуға түсіп, оқуын аяқтап есепші мамандығын алып шығады.
1980 жылы Айнабұлақ совхозына жұмысқа келіп, еңбек жолын есепші болып бастайды.
Одан кейін 2003 жылы селолық округтегі әкімшілікте статистика маманы болып қызмет істейді, 2005-2008 жылдар аралығында Жаңаарқа ауданы статистика бөлімінде жетекші маман қызметін атқарды.
2014 жылы Айнабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман қызметінде болып, 2022 жылдың желтоқсан айына дейін жетекші маман ретінде қызмет атқарып зейнеткерлік демалысқа шықты.
Рамиля Фанисовна еңбек еткен уақытында өзін білікті маман ретінде көрсете білді, үнемі ізденіс үстінде болатын, білмегенін дереу үйренуге талпынатын, білгенімен бөлісе отыратын.
Білімін шыңдау барысында Алматы экономика және статистика академиясында сырттайғы бөлімде оқып, бухгалтерлік есеп және аудит экономист мамандығына ие болды.
Рамиля Фанисқызы 1981 жылы ауыл азаматы Хамзе Бадыков екеуі отбасын құрып 4 бала тәрбиелеп өсірді.
Қазіргі кезде немерелерін қызықтап отырған өнегелі отбасы. Қызметте жүргенде ұжымда абыройлы, кез келген уақытта көмек қолын соза білетін, ұйымшыл жан. Еңбектері бағаланып, талай марапаттарға (облыс, аудан басшыларының алғыс хаттарына) ие болған мемлекеттік қызметші. Ауылдастарына сыйлы, ардақты жар, аяулы ана, сүйікті әже ретінде құрметке бөленуде. Әрдайым осындай адамгершілік қасиеттерімен құрметке ие бола берсін деп Рамиля Фанисовнаға зор денсаулық тілейміз.Қазіргі кезде Рамиля Фанисовна зейнеткерлікке шығып немерелерінің тәрбиесімен айналысады, балалардың қызықтарын қызықтап, аман-есен жасай берсін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *