Жемқорлықты жеңу – баршамызға міндет

Сыбайлас жемқорлық — бұл мемлекеттік немесе  жеке сектордағы тұлғалардың өз қызметтік жағдайын жеке пайда табу мақсатында заңсыз және адалдыққа жатпайтын әрекеттер арқылы пайдалануы. Сыбайлас жемқорлықтың негізгі түрлері мыналар болып табылады:
1. Парақорлық — тұлғаның өз қызметтік жағдайын пайдаланып, заңсыз материалдық немесе басқа да пайда алу.
2. Кумовство — тұлғаның туыстары немесе достары үшін артықшылықтар жасау.
3. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық — қызметкерлердің ресми билік пен қызметтік өкілеттіліктерін жеке пайда алу үшін теріс пайдалануы.
4. Жемқорлық схемалары — келісімшарттарды, тендерлерді немесе мемлекеттік тапсырыстарды өзіне немесе жақын адамдарға беру.
Сыбайлас жемқорлық қоғам үшін өте зиянды, себебі ол экономикалық өсуді тежейді, мемлекеттік басқарудың тиімділігін төмендетеді және қоғамдағы әділдік пен теңдік қағидаларын бұзады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әлемдегі көптеген елдердің басты мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл күрес заңдарды қатайту, ашықтықты арттыру және қоғамдық бақылауды күшейту арқылы жүзеге асады.

Аяулым ЖАППАСҚЫЗЫ,
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *