Жемқорлықты жеңу – басты бағыт

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Пара деген не? Бұл лауазымды адамның басқа тұлғадан өзі атқаратын лауазымына байланысты қандай да бір қызметтер көрсетілетін ақша немесе өзге де игіліктер алуы. Бұл ретте аталған ақша мен игіліктерді әрдайым пара алушы ала алмайды, көбінесе олар оған жақын адамдарға немесе жалған ұйымдарға берілуі мүмкін.
Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемелекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.
«Әділдік жоқ жерде пара белең алады». «Дүние – байлық не керек, денсаулығың болмаса, бірлігің не керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөздерді үнемі негізге ала отырып, әділдікке жетеміз. Шынында да, әділ төрелік жасалып, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие болып, жемқорлықтан арылмаймыз деген сенімдемін.

Мұрат ИБРАЕВ,
аудан әкімінің орынбасары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *