Адал азамат — адал еңбек. Еңбегімен абыройлы азамат.

Сері Әукенұлы Дүйсенбин 1961 жылы қазіргі Талдыбұлақ ауылында дүниеге келген. 1968 жылы осы ауылдың 8 жылдық мектебін тәмәмдап, аудандық В.И.Ленин атындағы қазақ орта мектебін бітірген. 1978 жылы Қарағанды қаласындағы дене тәрбиесі институтына түсіп, 1982 жылы аяқтайды. Институт бітірісімен әскер қатарына шақырылып, 1982-1984 жылдары аралығында әскери борышын абыроймен өтеп келісімен аудандық ішкі істер бөліміне бөлімше командирі болып қызмет атқарады. Денсаулық жағдайына байланысты 1987 жылы Талдыбұлақ негізгі мектебіне дене тәрбиесі пәні мұғалімі болып жұмысқа тұрады.
Ауыл өмірінің қоғамдық жұмыстарынан қол үзбей жастардың бұқаралық мәдени шараларының әрдайым басықасында жүреді. Осы қоғамдық жұмыстары өзінің бағасын алып, ауыл ағалары мен жастары сенім артып, 2000 жылы ауыл мәдениет үйінің меңгерушісі болады. Бүгінгі таңға дейін осы қызметте еңбек етіп келеді. Мәдениет және спорт министрлігі Сері Әукенұлын «Мәдениет саласының үздігі» төлбелгісімен марапаттады. Бұл еңбектің бағаланғаны.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *