Асыл дініміз мейірімділікке үндейді.

 

 

ффввф

Қасиетті жұма күні отандастарымыз бен әлеуметтік желі қолданушыларына білікті уағызшы ретінде кеңінен танымал Ризабек Батталұлы Илимбаев Жаңаарқа жұртшылығымен кездесу өткізді. Ризабек Батталұлы — «Ақида дәрістері», «Құран экзегетикасы» сынды діни тағылымы мол  кітаптардың авторы, исламтанушы ғалым, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы.
Жамағатпен өткізілген жиынды аудан әкімінің орынбасары Әсет Жұмажанұлы ашып, жүргізді. Аудандық халық мешітінің имамы Асқар Мейрамбекұлы және ауыл имамдары қатысты.
Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетіміздің дамушы және дамыған елдерден ерекшелігі, ол –қоғамдағы діннің нығаюы мен елдегі діни ахуалдың тұрақты болуы. Соңғы жылдары еліміздің діни ахуалына талдау жасау барысында, халқымыздың сексен пайызға жуығы асыл дініміз исламды ұстанып, дінге бет бұрып жатқандығы және олардың басым бөлігін жастар құрайтыны белгілі болды. Бір жағынан – бұны жақсы хабарға баласақ, екінші жағынан – дәстүрлі дінімізбен мүлдем үйлеспейтін кейбір сан алуан пікірлер мен ұстанымдардың салдарынан туындайтын түрлі келеңсіз жайттар алаңдатады. Дін — аса нәзік. Сондықтан оған барынша байыппен қарап, салмақты да, салауатты, бір-бірінен алыстататын емес, керісінше жақындататын өзара түсіністік пен құрмет тұту сезімінде болуға үндейді. Барлық уақытта баршамыздан осыны талап етеді.. Құдайға шүкір, егемендік алғалы кем-кетігіміз толтырылып, ел ертеңі жастарға жан-жақты, діни, тілін танытып, саналарын оятар мақсатпен білім беру бірінші кезекке қойылды. Әсіресе, имандылыққа баулып, әдептілікке, инабаттылыққа, жалпы адамгершілік қасиеттерге баулитын іс- шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Міне, осындай күндерге жеткеніміздің өзі жұбаныш.
Діни сенім – имандылық дегеніміз сүйіспеншілік, мейірімділік, бейбітшілік, ал терроризм мен экстремизмнің мақсаты бұған мүлде қайшы, қантөгіс, қатыгездік, адамдар үшін қайғы-қасірет. Өкінішке орай, теріс пиғылды қаскөйлердің соңынан еріп, өмірін ойран еткен адамдар жетерлік. Осындай қателіктерге жастарымызды ұрындыратын ең басты себеп – ара жікті ажырата алмау салдарынан ғаламтор кеңістігіндегі түрлі жат ағымдардың сайттарына кіру, діни сауатсыздық, отбасындағы жанжалдар мен келіспеушіліктер және тәрбиенің жеткіліксіздігі. Қазіргі таңда, уәкілетті мемлекеттік органдардың деструктивті ағымдарға қарсы белсеңді күрестері мен алдын алу шаралары нәтижесінде көптеген радикалды сайттарға тосқауыл қойылып жатыр, сондай-ақ еліміздің түрлі оқу орындарында жасөспірімдердің діни сауатын арттыратын арнайы ақпараттық-насихаттау жұмыстары мен оқу-ағартушылық сабақтары өткізілуде. Бұл шаралардан бөлек, әр отбасы балаларының тәрбиесіне көңіл бөліп, жақындарыңыздың жарға жығылмауына себеп болуға тырысыңыз. Демек, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, баланы балабақшадан бастап тұлға ретінде қалыптастыруға, мектеп қабырғасында тілімізді, мәдениетімізді қастерлеуге, жоғарғы оқу орындарында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге үйретуіміз қажет. Тек сонда ғана осындай теріс пиғылды діни ағымдарға бөгет қоя аламыз.  Себебі, біздің халқымыздың мақсаты – ынтымағы мен бірлігін сақтап, бейбіт өмір сүру. Осы мәселенің барлығын Ризабек Батталұлы аталған жиында кеңінен сипаттап, барынша мәлімет берді. Асыл дінімізді жамылып, өзінің арам пиғылын іске асырмақ болғандарды қалай тану керек, олардан сақтану жолдары айтылды. Сөз соңында жиынға қатысушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Ризабек Батталұлын тыңдап, уағыз тыңдағысы келген жамағат түс кезінде Халық мешітінде, кешкілік Тілеухан атындағы мешітке жиналды.

Өз тілшімізден

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *