Өкілетті органға отыз жыл

Қоғамда депутаттар қауымының орны маңызды. Халық пен билік арасындағы алтын көпірі десек те артық болмас. Басқару өкілдеріне кейде жете алмай жататын қарапайым елдің үнін де жеткізуші, қордаланып қалған мәселелердің шешілуіне де мұрындық болып жататын да осы депутаттар қауымы. Еліміздің экономикасы, әл-ауқатының дамуына, саяси ахуалдың тұрақталуына, өзара түсіністіктің орнауына ықпал етуші орган — мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толды.
Елімізде 1993 жылы «Қазақстан Республикасының әкімшілік территориялық құрылымы туралы» және «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» Заңдары қабылданып, жергілікті мемлекеттік органдардың құрылымына өзгерістер енді. Өкілетті органдар — мәслихаттар мен жергілікті атқарушы органдар —әкімдіктер мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары болып аталды. 1994 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасында жергілікті өкілетті орган — бірінші шақырылым депутаттарының мәслихат-жиналыстарына сайлау өткізілді.
Міне, содан бері тұрақты түрде жергілікті мәслихат депуттаттар жоспарлы түрде жұмыс жасап келеді: мәслихаттардың құзыретiне тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, бюджеттік бағдарламаларды бекіту өздерiнің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелерін шешу, жергілікті бюджеттің, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау, атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және т.б. заң шеңберіндегі мәселелер енгізілген.
Тәуелсіздікпен қатар адымдаған мәслихаттардың 30 жылдық тарихында жергілікті мәслихат органдарымен қоғамды демократияландыру, құқықтық мемлекет құру, жергілікті уәкілетті органдар арасында өкілеттіктерді бөлу, жергілікті уәкілетті билік органдары функцияларының тиімділігін арттыру бағытында іргелі жұмыстар жүзеге асырылды.
Осыншама жүгі ауыр жұмысты алып жүруде жауапкершілік пен табандылықты қажет ететін депутаттар қатарында мен де халыққа барынша қызмет етіп жүрмін.
Жаңа Қазақстан үшін, еліміздің қарыштап дамуы жолында депуттаттар корпусы барынша қолдау көрсетеді және қызмет етеді.

Дәурен ІЗТӨЛЕУОВ,
аудандық мәслихат депутаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *