Сенбіліктің соңғы жұмыстары қорытылды.

2024 жылдан бастап республикалық көлемде “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы бастау алған болатын. Тазалық сақтау әрдайым басты міндеттердің бірі.
“Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, барлық мекеме, білім ордалары, спорт кешендерінің азаматтары мен азаматшалары экологиялық акцияға ат салысты.
Осы тұрғыда аудандық әкімдік мәжіліс залында көктемгі тазалық және абаттандыру жұмыстарының барысы туралы жиын өтті. Жиында аудан әкімінің орынбасары Мұрат Ибраев акцияға белсене қатысқан барлық мекеме ұжымына алғыс білдірді.
Бұдан кейін кент әкімі Мейрам Қуанышбеков өз баяндамасында 2024 жылғы көктемгі екі айлық, кент көшелерінде жүргізілген тазалық бейсенбіліктері мен абаттандыру сенбіліктерінде, көгалдандыру жұмыстарын атқаруға арналған жоспарларымен бөлісе кетті. Атап айтсақ, аудандық әкім аппараты, аудандық мәслихат, сәулет және құрылыс бөлімі,
қазынашылық бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы тағы да басқа мекемелердің қызметкерлері өздеріне тиісті жерлерде тазалық жұмыстарын атқаруға міндетті екенін сөзге тиек етті.
Жалпы сенбілік барысында аудан аясында көптеген қалдықтар мен қоқыстар шығарылып, ағаштардың түптері боялып, көшет отырғызу жұмыстары жүргізілгенін де айта кетті.
Алдағы апта көктемгі абаттандыру жұмыстарының соңғы аптасы болмақ, сондықтан да барлығымыз ат салысып, бір адамдай бой көтерейік деп айта кетті кент әкімі.
Тазалықтың сақталуы ол бірінші өзімізден болса, ал екінші қоғамның белсенділігін көрсетеді. Еліміздің, жеріміздің көркеюіне сіз бен біз болып атсалысайық.

Қуаныш АУДАНБАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *