Комиссиялар отырысы өтті.

20 мамыр күні аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау туралы, бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Тұрақты комиссияларының бірлескен отырысына Ұлытау облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Азамат Мұратұлы Байзатов, аудандық мәслихат төрағасы Юржан Асанұлы Бекқожин, облыстық мәслихат депутаты Жәнібек Сайлаубекұлы Рыспеков, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Есіркепұлы Ибраев, аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Бақытжан Мәдіханұлы Әбсаматов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мекеме, кәсіпорын басшылары, кенттер, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
Аудандық мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат жөніндегі, халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау туралы тұрақты комиссияларының бірлескен отырысын аудандық мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, депутат Оралбай Насенұлы Молдабаев жүргізді.
Күн тәртібінде 2023 жылғы аудандық бюджет, төртінші деңгейлі кенттер мен ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есеп-қорытындысын қарау болды.
Бірінші болып әкімдік уәкілеттік берген тұлғаның аудандық және төртінші деңгейлі кенттер мен ауылдық округтердің бюджеттің атқарылуы жөніндегі талдамалы баяндамасы тыңдалды.
Баяндамашы аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Есіркепұлы. Екінші облыстық тексеру комиссиясының төрағасы уәкілеттік берген тұлғаның аудандық және төртінші деңгейлі кенттер мен ауылдық округ бюджеттің атқарылуына бақылау нәтижелері туралы баяндамасы тыңдалды. Баяндамашы Ұлытау облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Азамат Мұратұлы.

Қуаныш ТӨЛЕУТАЙ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *