Садақшылар жеңісі

Мамыр айының 8-11 аралығында Семей қаласында дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Кубогы өткізілді. Ұлытау облысының намысын қорғаған біздің жерлестеріміз Ардақ Сағынтаев, дара мерген Құдайберген Мананбаев және сұрмерген Инабат Мұстафа өте жақсы өнер көрсетті. 17 облыс және 3 қаладан жиналған 340-қа жуық мергендер арасынан Ұлытау облысы тартысты бәсеке нәтижесінде командалық 3-ші орынға ие болды. Құтты болсын! Ұлттық өнеріміз садақ ату дами берсін!

Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық
балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *