Облыстық мәслихат депутаттары ауданымызда.

15 мамыр күні Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б.Қ. Шыңғысов, Ұлытау облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағалары – З.Ж. Ақылбекова, Е.Ж. Бодыков, Г.Ш. Омарова, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттары – С.Қ. Қияқбаев, А.М. Мүкеева, Г.И. Каженова, А.А. Серіков, Б.Ш.Бекежанова, Ж.С.Рыспеков, Қ.Б.Мұқанов ауданымызда облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының көшпелі отырысын өткізіп, аудан тұрғындарымен жеке қабылдау жүргізді. Барлығы 13 азамат қабылдауға жазылып, тұрғын үй, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру мәселелері қозғалды.
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының көшпелі отырысы депутаттарының жұмыс сапары бойынша ауданымызда жұмыс жүргізіп жатқан цехтар мен өндіріс орындарын және құрылыс нысандарын аралап, жұмыстарымен танысты. Атап айтқанда, аудан орталығындағы емхананың,«Аргонды (жалпы) дәнекерлеу және токарь цехін ұлғайту объектісін, сондай-ақ «Пескоблоктар өндірісі» нысаны мен ауданымызда салынып жатқан 48 пәтерлі 4 тұрғын үйлер аумағын және Жаңаарқа кенті сыртында орналасқан «Этно ауыл» жобасының жұмыстарын көрді.Депутаттардың жұмыс сапарын қорытындылаған облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Қабденұлы айтылған ұсыныс-пікірлер облыстық тұрақты комиссия отырыстарында, сессияларда назарға алынатынын айтты және кездесуге қатысушыларды ауданды дамыту бағытындағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.

Қуаныш ТӨЛЕУТАЙ

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *