Бөлінген қаражат сапалы дүниелер жасауға жұмсалуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне көз жеткізу үшін қоғамдық бақылау ұйымының жұмыстары қарқынды жалғасын тауып келеді. Осы аптада Қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен Жаңаарқа ауданы әкімшілігінің мәжіліс залында ақпараттық кеңес жұмыстары жүргізілді. Ақпараттық кеңесте көп мағлұматтар мен аудан аясында шешімі табылмай келе жатқан сұрақтар бой көтерді. Аудандық қоғамдық кеңес ұйымының төрағасы Амантай Нығатайұлы күн тәрбіндегі мәселелер мен жалпы атқарылған жұмыстар жөнінде кеңес мүшелерін құлағдар етті. Келесі кезекте аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы Айдархан Тапашұлы өз баядамасын оқып, ұсыныс бар екенін айта кетті. Өз ұсынысында мемлекеттік грантты, тендер жұмыстарын жеңіп алған әрбір азаматтың жұмысын тыңғылықты тексеріп, әрбір бөлінген қаражаттың сапалы дүниелер жасалуына көз жеткізсек деген пікір білдірді. “Мысалға алып қарасақ, балалар алаңын салуға 33 млн қаражат бөлінсе, оның тек 15млн теңгесін жұмсап салу ол өте өрескел мәселе болмақ, сондықтан сіздер мен біздер болып қоғамдық ұйым мүшелерімен тексеріс жүргізу керек”,-деді сөзінде бөлім басшысы. Сондай ақ тағы да басқа аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар тураланды.
Өз тілшімізден