Ұрлықтың алдын алу — басты мәселе

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №943 бұйрығы негізінде, «Ұрлықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында аудан аумағында қазіргі таңда басты мәселелердің бірі — бөтен мүлік ұрлығының алдын алу және болдырмау болып отыр.
Мұның негізгі себебі — малдың тиісті бақылаусыз және бақташылар тарапынан ескерусіз қалуынан. Осындай қылмыстық істің ашылуында малдары жоғалған тұрғындардың жақын арада табылып қалады деген үмітпен дереу полицияға хабарласпауы да «жедел ізге» түсуіне қиындық әкеледі.
Тәжірибе жүзінде мал ұрлығын жасаған қылмыскерлер тез ізін суытады. Қылмыстық топтар арнайы бөлінген функциялары (хабар беруші, орындаушы және таратушы) арқылы жұмыс істейді. Ұрлық жасау және оны өткізу санаулы сағат ішінде іске асырылып, айғақты табу қиынға соғады.
Сондықтан, малға сенімді күзет, жайылымда күндіз-түні бақылауды нығайту —сақтанудың негізгі кепілдемесі. Мал иесі мал ұрлығын болдырмау мақсатында мынадай қағиданы есте сақтап, оны орындағаны қажет:
— қораларының техникалық бекінісін ретке келтіріп, түнгі мезгілде құлып салу, «малды жасырын ұрлап кетуден қорғау» тәсілін қолдана білу;
— аудан аумағында орналасқан ауылдық оккругтерде келісім негізінде мал бағуды ұйымдастыру;
— тұрғындар тарапынан өздерінің малдарын таңбалауды ұйымдастыру.

Б.А.РЫСПЕКОВ,
Жаңаарқа ауданы ПБ бастығыполиция полковнигі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *