Маңызды басқосу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» Ұлытау облыстық филиалы Antikor ағартушылық пулының спикері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ‘Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік‘ жобасының облыстық үйлестірушісі Даулет Мұратбекұлы Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы бойынша филиалы басшылығы және қызметкерлерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жаңаарқа аудандық басшылығы мен қызметкерлеріне арналған семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер және Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Мейрманұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын жүзеге асыру және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының маңыздылығына тоқталып, тыңдаушылардың көкейіндегі сұрақтарға жауап береді.Айта кету керек, әрі қарай бір топ облыс мекеме басшылары халыққа қызмет көрсету орталығына барып түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тікелей тұрғындармен кездесті.

Қуаныш ТӨЛЕУТАЙ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *