Көпбалалы аналарға алқалары табысталды.

ҚР Президентінің 2024 жылдың 25 наурызындағы №494 Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Қанат Қожықаев Жаңаарқа кентінің тұрғындары, көпбалалы аналар – Айгерім Абдинова мен Данагүл Аукееваға «Алтын алқа», сондай-ақ, Гүлмира Мизамбаева, Майдагүл Сейфулғазинаға және Бидайық ауылының тұрғыны Жұлдыз Сүлейменоваға, Ералиев ауылының тұрғындары Алмагүл Кәтжанова мен Гүлбаршын Ибраеваға «Күміс алқа» табыстады.
Сонымен қатар, осы күні Түгіскен ауылдық округінің әкімі Саят Сәлкебаев аталған ауылдағы Анар Макашева есімді алтын құрсақты анаға да «Күміс алқасын» салтанатты жағдайда тапсырды.
«Қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлі өте маңызды. Әйел-отбасылық пештің қамқоршысы. Бүгінде мемлекет отбасы институтын және отбасылық құндылықтарды сақтау үшін қомақты қолдау көрсетуде. Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық бақыт және амандық тілеймін», — деген аудан әкімі аналарға гүл шоқтары мен сый-сяипат табыстады.

Өз тілшімізден

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *