Ерлерді ел де ұмытпас, жер де ұмытпас.

9 мамыр күні Қазақстан халқы Ұлы Жеңіс күнін атап өтеді. Бұл мереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Қаншама адам тылда еңбек етті.
Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды, сондықтанадамзат өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі. Өкінішке орай, бүгінде ауданымыз бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлеріміздің көзі жоқ. Бірақ біз ардагер ата-апалардың ерлігін ұмытпаймыз.

Болашақтың баяны үшін басын бәйгеге тіккен батырлардың есімі де елге елеулі. Майданның жалынды жылдарында от пен оқтың ортасында жүрген қайратты,  қайсар ұл-қыздарымыздың қайталанбас ерліктері кейінгі буынға үлгі-өнеге екені шындық. Атаулы күнге орай, барлық жерлерде ерлікке тағзым етіп, жас ұрпаққа отансүйгіштік қасиетті дәріптейтін, ата-бабаларымыздың қайсарлығын үлгі ететін көптеген шаралар өткізілді.


Жеңіс күніне арналған шара Даңқ монументіне және Кеңес Одағының батыры Амантай Дәулетбековтің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен бастау алды. Жеңіс күні мерекесі мәдениет үйінде арнайы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Аудан әкімі Қанат Қожықаев жиналған түрғындар мен аудан қонақтарын ерлік мерекесімен құттықтады.
Мәдениет үйі қызметкерлері мен аудан өнерпаздары тақырыптық әндер айтып, көрермен қауымды серпілтті. Би биленіп, күй шертілді.

Қуаныш ТӨЛЕУТАЙ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *