Алаяқтың арбауына түсіп қалмаңыз!

Уақыт талабына сай түрлі әлеуметтік желілер қарым-қатынас орнатудың ғана емес, ауқымды мәселелер туралы қоғамдық пікір қалыптастыруға ықпалы зор үлкен күшке айналып отыр.
Дегенмен интернетті игі мақсаттардан бөлек, арам пиғылын жүзеге асыру үшін пайдаланатындар да көп. Қазір алаяқтық қылмыстардың көпшілігі интернет арқылы жасалады екен.
Осындай алаяқтың арбауына түсіп қалмау үшін мынадай шарттарды орындау керек: өзіңіздің паспортыңыздағы немесе жеке куәлігіңіздегі деректерді жарияламаңыз, банк картасының нөмірін, пин-кодты, ұялы телефоныңызға келіп түскен СМС-парольді ешкімге айтпаңыз!
Хабарландыруда жазылған ақпаратты, соның ішінде уақ әріппен жазылған ақпаратты мұқият оқыңыз! «Оңай олжа» әкелетін ұсыныстар келіп түссе, пайдалы тұсымен қатар зияны да болуы мүмкін екенін естен шығармаңыз, ең дұрысы күдігіңізді сейілту үшін оған елемеушілік танытқаныңыз жөн, өйткені ақшаңыз қалтаңызда қалады. Тауарды сатып алу-сату кезінде алдын-ала төлем жасауға келіспеңіз!
Танымайтын адамға ақша аудармаңыз!
Өзіңізді қатты қызықтырған немесе күдік тудырған жағдайда мәміле жасауға асықпаңыз!
Оңай олжа табамын деп, алаяқтың арбауына түсіп қалмаңыз!

Алмас РАХИМЖАНОВ,
Б.Амалбеков атындағы ТМ тарих пәнінің ұстазы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *