Адал азамат — адал еңбек. Кітап қамқоршысы

Гүлайым Ізтөлеуқызы Ақатова 1967 жылы С.Сейфуллин  ауылында туып өскен. Алғашкы мектеп табалдырығын 1973 жылы аттап, 1984 жылы бітірген.
1984 жылы мектеп бітірген соң Алматы Қыздар Педагогикалық университетінің кітапханатану-библиография факультетіне оқуға түсіп, оны 1988 жылы бітіріп, сол жылы мамыр айында осы С.Сейфуллин ауылындағы Ынтымақ орта мектебіне кітапханашы болып жұмысқа орналасқан.
Ынтымақ орта мектебінде 2017 жылға дейін қызмет атқарып, 2017 жылдың қыркүйек айында С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасына кітапханашы болып ауысты.
Еңбек өтілі 34 жыл. 2020 жылы «Үздік кітапханашы» медалын алған. 1986 жылы желтоқсан оқиғасына катысқан үшін грамоталармен марапатталған. Қасиетті кітаптарымызды олардың ішіндегі алтынға да айырбастауға келмейтін қазыналарымызды көздерінің қарашынғындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылардың еңбегі орасан зор.
Абыройлы мамандықтың қиындығы мен қызығын арқалап жүрген мамандық иелерінің болашақ саналы ұрпақты тәрбиелеу жолында сіңірген еңбегі зор.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *