Оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда

Жаңаарқа бөлімшелік көліктегі санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 12.04.2024 жылғы №90-нқ бұйрығын және 2024 жылға арналған негізгі ұйымдастыру іс-шаралары жоспарының 43 тармағын орындау мақсатында Жезқазған бекетіндегі теміржол вокзалы жолаушылар поезында аса қауіпті және карантиндік жұқпалы ауруларға (Этиологиясы түсініксіз қызба) күдіктенгенде немесе анықталғанда жүргізілетін шаралар мүдделі қызметтер мен ведомстволардың іс-қимыл тактикасы бойынша оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда.
Аңыз: 2024 жылғы 15 мамыр таңғы сағат 5-30-да № 108 Астана-Жезқазған қатынасындағы жолаушылар пойызының № 7 вагонының жолаушысы жолсерікке дене температурасының жоғарылауына, қалтырауға, қатты бас ауруы мен дене ауруына шағымдармен жүгінді.
Таңертеңгі сағат 7-30-да Жаңаарқа бөлімшелік көліктегі санитарлық — эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманына Жезқазған станциясының кезекші диспетчерінен № 107 Астана – Жезқазған пойызының № 7 жолаушылар вагонында аса қауіпті инфекцияға күдікті науқасты анықтау туралы ақпарат келіп түсті. «Қазақстан Республикасының аумағында жұқпалы вирустық геморрагиялық қызбалардың әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № 18 қаулысымен бекітілген жолаушылар пойызында аса қауіпті ауру белгілері бар науқас анықталған кезде санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер мен ведомстволардың іс-қимыл алгоритміне сәйкес санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мақсаттары мен міндеттері: жолаушылар поезында аса қауіпті инфекцияға шалдыққан (күдікпен) науқас анықталған кезде темір жол көлігі қызметтерінің, медициналық ұйымдарының эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге дайындығын бағалау; аса қауіпті инфекциялар мен басқа да өте жұқпалы жұқпалы аурулардың әкеліну және таралу қаупі кезінде аумақты санитарлық қорғау жөніндегі жедел жоспардың шынайылығын тексеру.

                                                                                                                                                                       Жаңаарқа бөлімшелік көліктегі санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *