Балалардың қауіпсіздігі басты назарда

Жаңаарқа ауданының прокуратурасы Жаңаарқа ауданының орта білім беру ұйымдарында балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдер арасында жазатайым оқиғалардың, суицид фактілерінің өсуіне ықпал ететін себептер мен мән-жайларды анықтау бөлігінде тексеру жүргізді. Тексеріс барысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігі, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, медициналық көмек көрсету саласындағы заңнамаларының және өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптары бұзылғаны анықталды. Нәтижесімен 4 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, орта білім беретін ұйымдардың 27 заңды және лауазымды тұлғаларына 19 142 940 тенге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, 23 мектептің лауазымды тұлғаларына ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау актісі негізінде 5 436 оқушылардың құқықтары қорғалды. Сондай-ақ аудан прокуратурасымен «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында аудан аймағында орналасқан орта білім беру мектептерінде QR-код көрсетілген бірыңғай парақшалар орналастырылды. Осыған орай прокуратура қызметкерлері оқушылармен кездесулер өткізіп, зорлық-зомбылық және т.б. құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда QR-код бойынша облыс прокуратурасының кезекші прокурорына тікелей хабарласу мүмкіншілітері бар екендігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әр ата-ана баласының қауіпсіз ортада өмір сүріп, дені сау, білім-білігі мол саналы ұрпақ болғанын қалайды. Біздің алдымыздағы ең басты мақсат балаларға сапалы білім беру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, яғни осы бағытта кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыты болып табылады.

И.Е.БЕСТАЙБЕКОВ,
Жаңаарқа ауданы прокуратурасының прокуроры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *