“Әлихан” кондитер өнімдері дүкені ашылды

Мереке қарсаңында ауданымыздың кәсіпкері кондитерлік цех ашты. Данияр Исаханов өз идеясын жүзеге асыру жолында, яғни өз қаражатына құны 30 млн тұратын «Әлихан» кондитерлік өнімдер дүкенін ашты. Өндіріске бірінші болып аудан әкімі Қанат Қожықаев, аудан әкімінің орынбасарлары Әсет Аманжолов, Мұрат Ибраев және де аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Өмірзақ Уалиев қатысты.
Гүлдер, шарлар, торттар мен шашу – кондитерлік дүкен қонақтарды осылай қарсы алды. Цех Данияр Исахановтың көптен бергі арманы екен.
Құттықтау сөзінде аудан әкімі Қанат Қожықаев қазіргі жастардың ауданда түрлі нысандарын ашып қызу еңбектің арқасында берекелі табыс тауып, аудан экономикасына елеулі ықпал етіп жатқандарын айтты.

“Еңбектерің жансын”- деген ізгі тілекпен лента қию рәсімі өткізіліп, кондитерлік дүкен өз есігін айқара ашты.Заманауи пештермен, қажетті құралдар мен қамтылған дүкен үлкен істердің алдына болмақшы.
Дүкен иелеріне алдағы уақытта толайым табыстар, аудан халқының игілі үшін аянбай еңбек етіп, тұтынушыларын қуантуларын тілейміз. Тұрақты тапсырыс берушілеріңіз көп болсын демекпіз.

Қуаныш ТӨЛЕУТАЙ

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *