Адал азамат — адал еңбек. Еңбегі елге сіңген азамат

Алтын Құракпайқызы Аманжанова 14 шілде 1964 жылы Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кентінде дүниеге келді. 1986 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік аграрлық өнеркәсіптік комитеті Жезқазған совхоз-техникумын бітіріп, “бухгалтерлік есеп” мамандығын алды. 1981-1983 жылдары Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданының Бидайық совхозы бөлімшесінде есепші болып жұмыс атқарды. 1983-1984 жылдары Шет ауданының «Красная поляна» ауылында әртүрлі жұмысты атқарды. 1985-1995 жылдары Жаңаарқа ауданының, Бидайық совхозында есепші болып жұмыс атқарған. 1995-2004 жылдары Бидайық ауылының «Сатыбалды»  ШҚ жұмысшы болды. 2005 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Жаңаарқа ауданының Бидайық ауылдық округі әкімінің аппаратында» бас маман болып жұмыс істейді. 2008 жылы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталған. 2013 және 2018 жылдары ауылдың қоғамдық өміріне белсене атсалысқан үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Отбасында үш бала тәрбиелеп, жеті немере сүйіп отырған өнегелі отбасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *