Жыр қайнары — Жаңаарқа

Жері киелі, тарихы шежірелі қойнауы қазыналы Жаңаарқа ауданы Арқа өңіріндегі іргелі, алдыңғы қатарлы аудандардың бірі. Жазиралы Жаңаарқа қазақ халқының ежелден мекен еткен қазыналы қонысы. Бетегелі бұл өлкеден шайыр тілді ақындар мен айыр тілді шешендер, елдің ырысы болған бектер мен елдің тынысы болған билер, шоң жүректі баһадүр батырлар мен сом білекті балуандар, боз інгенмен тілдескен, беріден айтсақ алты күнге созылатын Жаңаарқа елінің түп тарихын екі ауыз сөзбен түгендеп бере алмаймыз.
Осыған орай Жаңаарқа ауданының 95 жылдық мерейтойына арнап, кітапханада «Жыр қайнары Жаңаарқа» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы М. Искакова библиографиялық шолу жасады. Көрмеге ауданымыздың ақын – жазушыларының кітаптары мен мерзімдік басылымдарға шыққан мақалалары қойылды. Бұл шара жыл соңына дейін жалғасын табады. Осындай киелі де қасиетті өлкеміз Жаңаарқа туралы оқырмандарымызға береріміз көп. Ауданның мерейі тасып, халқының әл – ауқаты арта берсін.

М.ИСКАКОВА,
С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасының кітапханашысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *