Жаңа дүкен ашылды

Сәнді киім ұқыпты, болмыс үшін көптеген жұмыстар атқарылады. Қыз-келіншектеріміздің қазіргі таңға сай киінуі ұдайы өзгерістердің бірі. Сондай өзгерістерді толықтырушы «Әдемі-ай» дүкені. Қыз-келіншектерге арналған сәнді киім ұсынушы дүкен аудан орталығында ашылу салтанатын жасады.
Дүкеннің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Әсет Аманжолов және Жаңаарқа ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысы Өмірзақ Уәлиев қатысты. Алғы сөз айтып, ізгі тілек-ниеттерін білдірді. Дүкеннің негізін қалаушылар — Айгүл Сағатқызы және Айнұр Әлиқызы алдағы таңда аудан тұрғындарын сапалы киім-кешекпен қамтамасыз ететіне уәде берді. Сауда нысанының басты ерекшелігі — тауардың сапасы мен бағасының тиімділігінде. Сауда орнында бір заттың бірнеше баламасы ұсынылған. Өндірілген елі,сапасы, құны дейсіз бе, көңіл қошына қарай таңдау еркіңізде.
Жас кәсіпкерлерге толағай табыс тілейміз!

Қуаныш ТӨЛЕУТАЙ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *