Адал азамат — адал еңбек! Ерен еңбек еленеді.

Рахила марленқызы Қазбекова Рахила Марленқызы 1964 жылы наурыз айының 20 жұлдызында дүниеге келген.
1981 жылы мектепті ойдағыдай аяқтап, Жезқазған педагогикалық университетіне түседі.1987 жылы математика мұғалімі мамандығы бойынша оқуын тамамдап, Қызылжар жалпы білім беретін мектебіне математика пәнінің ұстазы болып жұмысқа орналасып, қазіргі уақытқа дейін еңбек етіп келе жатыр.
Осы жылдарда қанша шәкірт тәрбиелеп, ұядан ұшырған ұлағатты ұстаз кеше өзі білім берген шәкірттерінің балалаларын бүгінгі күні білім нәрімен сусындатуда.
Үздіксіз білім саласында еңбек етіп келе жатқан Рахила мұғалімнің еңбек өтілі бүгінгі күні 36 жыл. 1987 жылы Қызылжар кентінің азаматы Ертай Құдабаевпен бас қосып 1 ұл тәрбиелеп, қазіргі таңда аяулы әже атанып отырған жайы бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *