Адал азамат — адал еңбек! Ерен еңбек еленеді

Айнаш Тырқыманова 1956 жылы шілде айының 8 жұлдызында Жаңаарқа ауданы, Қараағаш ауылында дүниеге келген. 1974 жылдары орта мектепті аяқтап, 1974-75 жылдары Ынталы орта мектебінде кітапханашылық еңбек жолын бастаған. 1976-78 жылдар аралығында Жезқазған мәдени ағарту училищесінің кітапханашы мамандығын меңгеріп шыққан.
1978-79 жылдар аралығында Ақтоғай ауданының орталық кітапханасында аға кітапханашы болып қызмет атқарды. 1980-82 жылдары Қараағаш елді мекенінің Қызыл-Шоқы бөлімшесінің кітапханасында еңбек еткен.
1983-2014 жылдар аралығында Талдыбұлақ орта мектебінде кітапханашы болып, осы мектептен зейнеттік демалысқа шыққан.
Әйнекең 1980 жылдары жолдасы Қонысбай атамызбен некелесіп, қазіргі таңда көзінің ағы мен қарасындай екі ұлдың ата-анасы, 7 немеренің ата-әжесі, айдай сұлу екі келіннің ата-енесі. Үлкен ұлы — Талғат қазіргі таңда Қазақ ұлттық аграрлық университетінде аға оқытушы. Кіші ұлы — Самат Талдыбұлақ жалпы білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *