Өрттен сақ болайық!

Көктемнің жылы күндері басталып, әр отбасы өзінің ауласында тазалық жұмыстарын жүргізуін бастайды және мекемелерде де сенбіліктердің өткізілуі басталады.
Осыған орай, аулада от, яғни қоқыс-қорда жағуға қатаң тыйым салынғанын ескертеміз. Өткен жылы, одан бұрын да аудан аумағында осы мерзім аралығында азаматтардың аулада қоқыстарды өртеу салдарынан көптеген өкінішті өрт оқиғалары тіркеледі.
Көшеде, үй аулаларында қыстан қалған қоқыстарды өртеу салдарынынан, желмен қызып жанған от, үлкен өрт ошағына айналып, нәтижесінде маңындағы қоражай немесе басқа да ғимараттарға өрттің көшуі әбден мүмкін және де одан едәуір мүліктік зауал келуі мүмкін. Сонымен қатар қыстан қалған қорда, шөп қалдықтарын кейінге қалдырмай, дер кезінде арнайы қоқыс төгетін жерлерге шығарып тастаған жөн. Себебі кез келген үйілген шөп ылғалдан, тығыздығынан, ұзақ жатқандықтан жылу бөледі. Ондай жерде термофильді (жылу сүйгіш) микроорганизімдер көбейеді. Микроорганизімдер шөпті шірітіп химиялық, физикалық (абсорбция, десорбция) реакциялар жүреді де шөптің қызуына әкеліп соғады, қызып-шіріген шөп ауамен әрекетке түскен соң өздігінен жанады.
Аудан азаматтары мен мекеме басшыларының қорда-қоқысты жағу салдарынан өрт шыққан жағдайда, кінәлі адамға Жаңаарқа ауданының Төтенше жағдайлар бөлімнің тарапынан әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылатынын ескертеміз.
Сондықтан осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін әрбір азамат қатаң сақтап, ауладағы қоқыс-қордаларды өртеуге жол бермеу, тиесілі мекемелерімен келісіп, мүмкіндік келгенше арнайы қоқыстарды жинайтын орынға шығарып тастаған жөн.

Ғ.Е. НАРКЕНБАЕВ,
Жаңаарқа ауданының ТЖБ инженері,
азаматтық қорғау аға лейтенанты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *