«Ардағым – ардагерім» атты акциясы өтті

10 сәуір күні “Жастар ресурстық орталығының“ ұйымдастыруымен, Жаңаарқа жастарының еріктілерінің қатысуымен,кезекті “Ардағым-ардагерім “ атты акциясы өз жалғасын тапты .
Абай көшесі 65/2 мекен-жайында тұратын жалғыз басты ардагеріміз Лидия Посохина үйінің ауласында сеңбілік жұмыстары жүргізілді.
Акцияның соңында ардагер өзінің жылы лебізін және ізгі тілегін білдірді. Ауданымыздың асыл қазыналары қарттарды қастерлеп, қолғабыс етіп, мол сауапқа ие болатын мүмкіндіктен құр қалмаңыздар.Аталмыш іс шарамыз аудан жастарына үлгі болып, алдағы уақытта ардагерлерді ардақтап қажетті тұста қол ұшын созады деп сенеміз!

Жалғас ДҮЙСЕНБАЙ,
Жастар орталығының әдіскері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *