Вакцинация

Вакцинация — өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына, балалар өлімінің төмендеуіне ықпал етеді. Вакцинация жасына қарамастан халықтың барлығына қажет. Қазір адамдардың көпшілігі балалық шағында бір рет алған көптеген вакциналар өмір бойы қайталануы керек екенін білмейді.
Вакцинацияланған адамдардың есебінен инфекцияның таралуы мен ауру-сырқаудың күрт өсуіне тосқауыл болып табылатын «ұжымдық иммунитет» құрылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі жұқпалы аурулар — туберкулез, В гепатиті, дифтерия, көкжөтел, сіреспе, полиомиелит, қызылша, эпидемиялық паротит, тұмау, гемофильді инфекцияға қарсы егуді көздейді. Сонымен қатар, эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинация ұсынылады.
Вакцинацияның уақтылы жүргізілмеуі көптеген жұқпалы аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін. Жоспарлы вакцинациядан өтпеген балалар уақыт өте келе әртүрлі вакцинамен басқарылатын инфекцияларды жұқтыруы мүмкін.
Балалар өздерінің жасына байланысты әртүрлі инфекцияларға өте сезімтал, сондықтан әр ата-ана баласының болашағы туралы алдын-ала ойланып, оны жұқпалы аурулардың ықтимал асқынуларынан қорғауы керек.
Құрметті ата-аналар! Егер Сізде профилактикалық егулерді жүргізу қажеттілігіне күмәніңіз болса, екпеден бас тарту қағазына қол қоюға асықпаңыз. Жұқпалы аурудың қаупі, екпенің қажеттілігі, одан бас тартудың салдары туралы толық ақпарат жинаңыз.
Біздің балаларымыздың денсаулығы — бұл инфекциялар қаупінің жоқтығы – мұның өзі тек профилактикалық егулерді кеңінен жүргізу арқасында ғана қол жеткізіледі.
Есіңізде болсын, жұқпалы аурулардың алдын алудың жалғыз құралы — вакцинация! БАЛАҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ – СІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДА!

Жаңаарқа аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *