Адал азамат — адал еңбек. Бақытын еңбектен тапқан жан

Мәдіхан Махадиұлы Қадірсізов 1972 жылы қазан айының 28 жұлдызында дүниеге келген.
1989 жылы мектеп қабырғасын аяқтап 1989-1991 жылдары алғашқы еңбек жолын Қызылжарда теміржол жөндеуші, 1991-1993 жылдары вагон тексерушісі, 1993-2001 жылдары Қызылжар станциясы қонақ үйінің жылуын қамтамассыз етуші, 2001-2014 жылдары Қызылжар желі жүйесін қамтамассыз етуші, 2014-2021 жылдары «ТОО Арман-100» мекемесінде, 2021-2022 жылдары Қызылжар станциясында вагон құрастырушы болып еңбек етті.
2022 жылдан осы уақытқа дейін әскерилендірілген күзет басқармасында аға күзетші болып қызмет етіп келе жатыр, еңбек өтілі -35 жыл.
1996 жылы Күлпан Карахаджаевамен отбасы құрып 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған бақытты отбасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *