Әдеп кодексі – мінсіз қызмет кепілі

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Мемлекеттік қызметші өз қызметінде Қазақстан Респубилкасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Әкішілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, олар билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуы тиіс. Бүгінде мемлекеттік саладағы мамандардың білім-біліктілігінен бұрын, адамгершілік асыл қасиет пен ананың сүтімен келетін тәлім-тәрбиені де талап ететініміз анық.
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау жөнінде қойылатын негізгі талаптар көзделеді. Бұл ретте, әдептік мінез-құлық шеңбері мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде бекітіліп, оның сақталуын бақылауды әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады.
Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшінің мінез құлқына, қызметтік міндетіне, мемлекет пен халық арасындағы өзара қарым-қатынасына сенімді өкіл болып табылатын мемлекетке, өзі «қызмет ететін» қоғамға қатысты моральдық талапты білдіретін неғұрлым жинақты принциптер мен нормаларды білдіреді. Мемлекеттік қызметшінің шыншыл болуы оның маңызды моралдық қасиеті болып табылады.
Мемлекеттік қызметкерге жалпы қабылданған әдепті сақтау өте маңызды, себебі ол тікелей азаматтармен жұмыс жасайды және әр түрлі адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы қызмет атқарады. Сондықтан мемлекеттік қызметкердің сыртқы бейнесі, киім-киісі, қимыл-әрекеті, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы да адамға нұқсан келтірмейтіндей қызмет ету керек. 
Осы аталғандардың барлығын сақтау үшін этикеттің принциптерін ұстану керек.

Ботакөз ТӨЛЕУОВА,
Жаңаарқа аудандық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *