Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

Су тасқыны – өзендегі судың көтеріліп, қардың еріп, желдің қатты соғуынан өзеннің тасуы немесе сел жүру кезінде кейбір елді мекендердегі су басуы.
Су тасқынының келтірер зардаптарының қатарына үйлер мен ғимараттардың, көпірлердің қирауын, темір жолдар мен автокөлік жолдарын су шайып, инженерлік желілердегі апат, тұрғындардың зардап шегуі мен жан-жануардың қырылуы сынды оқиғаларды жатқызуға болады.
Су тасқыны қаупі туындаған жағдайдағы іс әрекеттеріңіз:
Төтенше жағдайлар мен іс-әрекет жөніндегі нұсқаулықтар мен ақпараттарды мұқият тыңдаңыз, телефон желісін қажет болмаса қолданбаңыз, сізбен байланысар кезінде желі бос болуы керек.
Сабырлық сақтап, көршілерге ескертіңіз, мүгедектерге, балаларға және де егде жастағы адамдарға көмек көрсетіңіз. 
Жергілікті билік орындарынан эвакуация үшін тұрғындарды жинау орнын анықтап, соған дайындалыңыз.
Құжаттарыңызды, киім, қажет заттарыңызды, бірнеше күнге арналған тамақтар мен дәрі-дәрмектерді дайындаңыз. Барлығын бір шабаданға жинаңыз. Құжаттарды су өткізбейтін пакеттерде сақтаңыз.
Электрлік тоқтарды тоқ көзінен ажыратып, газды сөндіріңіз. 
Бағалы заттарыңыз бен азық-түлік өнімдерін үстіңгі қабаттарға немесе жоғары бөлікке көтеріп қойыңыз.
Шамаңыз келсе су басып жатқан аймақтан кетіп қалыңыз.
Айналаңызда зардап шегушілер жоғына көз жеткізіңіз, болған жағдайда шамаңыз келгенше көмек қолын созуға тырысыңыз.
Көмек келгенше жоғарғы қабаттарда, төбелерде, ағаш немесе тағы басқа биік жерлерде болыңыз, мүмкін болса ұялы телефонмен хабарласыңыз, құтқарушыларға сізді мүмкіндігінше тез табу үшін белгі беріңіз.
Аумақты су басу қаупін байқаған кезде ТЖ қызметінің 112 нөмірі бойынша қоңырау соғып, хабарлау қажет. Есіңізде болсын, қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірін арашалап қаласыз.

Janaarkagazeti-akparat

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *